«Әскерден жалтарғандарға жаза қандай?» — Қорғаныс министрі ресми түсініктеме берді

Поделиться в соцсетях

Даурен Косанов Ақорда да өткен бей ресми жиында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беріп, әскерге шақыртудан жалтарған азаматтарға қатысты қолданылатын шаралар жөнінде нақты түсініктеме берді.

Журналистер әлеуметтік желілерде «барлық жалтарушылар түрмеге қамалады» деген ақпараттың тарап жатқанын айтып, оның қаншалықты рас екенін сұрады.

Министрдің айтуынша, әскерге шақыру қағазын алғанымен, әскери комиссариатқа келмеген азаматтардың деректері ішкі істер органдарына жолданады.

«Алдымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Егер заң талаптары орындалмаса, қылмыстық жауапкершілікке дейінгі шаралар қолданылады. Ал бас бостандығынан айыру туралы шешімді сот қабылдайды», – деді ол.

Яғни, бірден қамауға алу емес, заңда көрсетілген тәртіп бойынша кезең-кезеңімен жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, Даурен Косанов бұған дейін қазақстандық әскердегі сарбаздардың бейбіт уақытта қаза табуына қатысты пікір білдірген болатын. Оның сөзінше, мұндай жағдайлар өкінішті, алайда «бұдан ешкім толықтай сақтандырылмаған».

Заң не дейді?

Қазақстан заңнамасына сәйкес:

  • Әскерге шақырудан жалтару – құқық бұзушылық болып саналады;

  • Алғашында айыппұл немесе әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін;

  • Қасақана жалтару дәлелденсе, қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен жаза тағайындалады.

Бұл ретте әр жағдай жеке қаралып, шешімді сот органы шығарады.

Қорытынды: Әлеуметтік желідегі «бәрі бірдей түрмеге қамалады» деген ақпарат шындыққа толық сәйкес келмейді. Заңда нақты рәсімдер мен сатылы жауапкершілік тетігі қарастырылған.

Scroll to Top