«Сапасыз тауар сатқан»: 700-ге жуық кәсіпкерлік субъектісіне айыппұл салынды

Поделиться в соцсетях

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов айтып берді.

Кәсіпкерлік субъектілеріне 23 миллион теңге айыппұл салынғаны белгілі болды.

Бұл – осы жылдың 10 айы аралығындағы статистикалық көрсеткіш.

– Биыл 10 айда өңірлік департаменттер 1080 кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізіп, 31 профилактикалық іс-шара жүргізілді. Оның нәтижесінде 696 бизнес субъектісіне 23 млн теңгеге айыппұл салынды және 347 бизнес субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге тұтынушылардың құқығы қорғалды, – деді Болат Таңабергенов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Көбіне шағымдар автомобильдерге түсетіні анықталған. Алматыда жаңа машиналарды сатып алушылар автокөліктің ақаулары үшін 6,9-дан 14,9 млн теңгеге дейін қайтарып алса, ал Шымкентте ер адам ескі батареялары бар электромобиль үшін 21 млн теңгені қайтарған.

Scroll to Top