
Нигерияда жолаушылар ұшағы техникалық ақауға байланысты шұғыл түрде бағытын өзгертіп, қонуға мәжбүр болды.
https://www.instagram.com/reel/DUqZymcCq5h/?igsh=MWQxM2JzZ2kwbXFuYQ==
Не болды
11 ақпанда нигериялық Arik Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-7GL ұшағы Лагостан Порт-Харкортқа ішкі рейс орындап жатқан. Ұшақ бортында шамамен 80 жолаушы болған.
Ұшу барысында қозғалтқыштардың бірі істен шыққан. Экипаж қауіпсіздік мақсатында бағытты өзгертіп, жақын маңдағы Бенин әуежайына қонуды шешкен. Ұшақ сәтті қонды, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Тергеу басталды
Nigerian Safety Investigation Bureau (NSIB) аталған оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Тексеру барысында зақымдалған қозғалтқышта елеулі бүліну белгілері бар екені анықталған.
Алдын ала есеп 30 күн ішінде жарияланбақ, ал қорытынды есеп тергеу толық аяқталғаннан кейін шығарылады.
Ұшақ бір қозғалтқышпен ұша ала ма?
AirlineRatings мәліметінше, екі қозғалтқышты ұшақтар, соның ішінде Boeing 737, бір қозғалтқыш істен шыққан жағдайда да қауіпсіз ұшып, қонуға есептелген.
Мұндай кезде ұшқыштар:
• ақаулы қозғалтқышты сөндіреді;
• ұшу параметрлерін тұрақтандырады;
• ең жақын қолайлы әуежайды таңдайды.
Мұндай жағдайлар арнайы тренажёрларда пысықталады және экипаж даярлығының міндетті бөлігі болып табылады.



