Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты

Желіде бөлісу

Астанада салынып жатқан тұрғын үйдің аумағында өрт шығып, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жедел жетті.

Өрт Есіл ауданындағы Ақмешіт көшесінде орналасқан құрылысы аяқталмаған бес қабатты тұрғын үйден тұтанған. Алдын ала ақпарат бойынша, ғимараттың шатыры отқа оранған.

Қазір қызыл жалынмен күресіп жатқан өрт сөндірушілер оны жоғары ранг бойынша сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнында елордалық төтенше жағдайлар қызметінің бірнеше бөлімшесі жұмылдырылған.

Өртті ауыздықтауға 35 өрт сөндіруші мен 14 арнайы техника тартылған.

Қазіргі уақытта өрт салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мамандар тілсіз жаудың таралуына жол бермеу және толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатырнақтырақрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Оның себептері анықталып жатыр.

Scroll to Top