Шымкентте ағаштың сынған бұтағы 10 жастағы баланың өмірін қиды

Желіде бөлісу

Шымкент қаласында қайғылы жағдай орын алды. 11 ақпан күні Еңбекші ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің ауласында ағаштың ірі бұтағы құлап, 10 жастағы бала қаза тапты.

https://youtu.be/u7tUKkK8Uis

Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен сағат 16:30–17:00 аралығында Елшібек батыр көшесіндегі №114 үйдің маңында болған. Қатты қар жаууының салдарынан ағаштың бір бөлігі сынып, аулада жүрген балаға құлаған.

https://youtu.be/j704rnxr9Uk

Бала ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Марқұм №36 орта мектептің 4-сыныбында оқыған, анасымен бірге тұрған.

Оқиға туралы ақпаратты құқық қорғау органдарындағы дереккөз растады. Қазіргі таңда ресми мекемелер тарапынан түсініктеме берілген жоқ.

Scroll to Top