Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Желіде бөлісу

Қолайсыз метеожағдайларға байланысты Алматы облысы мен Жетісу облысы аумағында бірқатар республикалық маңыздағы автожолдарда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Алматы облысы

13 ақпан күні сағат 08:30-дан бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Шектеу мына учаскелерде қолданылады:
• Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 25–136 шақырым аралығы;
• Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 25–124 шақырым аралығы.

Жол қозғалысын қалпына келтіру уақыты алдын ала 13 ақпан күні сағат 14:00 деп жоспарланған.

Жетісу облысы

Сол күні, яғни 13 ақпан сағат 08:30-дан бастап, қолайсыз ауа райына байланысты барлық автокөлік үшін уақытша шектеу қойылды.
Қозғалыс Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 124–200 шақырым аралығында тоқтатылды.

Қозғалысты қайта ашу уақыты — 13 ақпан, шамамен сағат 14:00.

Scroll to Top