
Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Боталы көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінде екі қыз лифт ішінде қамалып қалды.
Оқиға туралы хабар 112 нөміріне түскен. Оқиға орнына жедел жеткен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары арнайы лифт кілтінің көмегімен есікті ашып, 2009 жылы туған жасөспірімдерді қауіпсіз түрде сыртқа шығарды.
Ведомство мәліметінше, құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында қыздар лифт ішінде ұзақ уақыт болмаған, медициналық көмек қажет етілмеген.
Бұған дейін Бараев көшесіндегі жаяу жүргіншілер көпірінде 2011 жылы туған жасөспірім жолаушылар лифтінде қамалып қалған болатын. Оның дауысын естіген тұрғын 112 нөміріне хабарласқан. Құтқарушылар арнайы құралмен лифт есігін ашып, баланы аман-есен алып шыққан.



