Бүгін 9 жерлесіміз Олимиада додасында бақ сынайды

Желіде бөлісу

Бүгін Италиядағы Олимпиада алаңдарында Қазақстан намысын спорттың үш түрі бойынша тоғыз спортшы қорғайды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатыр және 22 ақпанға дейін жалғасады. 19 ақпандағы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 19-орынға төмендеді. Бұл деректі Италиядағы Олимпиада ойындарының ресми сайты жариялады.

19 ақпанда Қысқы Олимпиада ойындарында барлығы алты жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Чемпиондар мен жүлдегерлер ски-альпинизм, мәнерлеп сырғанау, хоккей, конькимен жүгіру және шаңғы қоссайысы бойынша анықталды.

Осы күні Олимпиадада еліміздің намысын тек мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қорғады. Оның өнер көрсетуін Михаил Шайдоров пен Геннадий Головкин тамашалады.

Scroll to Top