88 миллионның сыры: Министр нақты жауаптан жалтарды ма?

Желіде бөлісу

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайы декларациясында 88 миллион теңгеден астам табыс көрсеткен. Алайда бұл қомақты қаражаттың нақты қайдан және қандай қызметтен түскені туралы сұраққа министр нақты жауап бермеді.

Журналистер табыстың көзін ашық түсіндіруді сұрағанда, министр заң талаптарының толық орындалғанын алға тартты. Оның айтуынша, декларация тапсырылған және жарияланған — демек, жасыратын ештеңе жоқ.

«Егер адам декларация тапсырса, онда жасыратын ештеңе жоқ, дұрыс па?» — деді Жұманғарин.

Сонымен бірге ол заңда жұбайының табыс көздерін егжей-тегжейлі түсіндіру міндеті көрсетілмегенін меңзеді. Егер мұндай талап болса, орындауға дайын екенін жеткізді.

Алайда қоғамды толғандырған басты мәселе — 88 миллион теңгенің нақты қайдан келгені — сол күйі жауапсыз қалды. Заңдық талаптардың орындалуы бөлек, ал ашықтық пен қоғам алдындағы есептілік бөлек деген пікірлер әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

Министрдің бұл жауабы қоғамда жаңа сұрақтар туғызды: декларация жариялау жеткілікті ме, әлде жоғары лауазымды тұлғалардан толық ашықтық талап етілуі тиіс пе?

Scroll to Top