АҚШ-та «DIMASH» нөмірлі көлік көзге түсіп, желіні дүрліктірді

Желіде бөлісу

АҚШ-тың Майами қаласындағы тасжолда түсірілген қысқа ғана видео әлеуметтік желілерде үлкен әсер қалдырды. Жолда келе жатқан жүргізуші алдыңғы көліктің мемлекеттік нөмірінде «DIMASH» деген жазуды байқап, бір сәтке таңданысын жасыра алмады.

Видео авторының айтуынша, ол сәт ерекше сезім сыйлаған. «Бір секундқа жүрегім тоқтап қалғандай болды. Майамиде емес, Қазақстанның өзінде жүргендей әсер алдым», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл көріністі бірден қызу талқылай бастады. Көпшілік әлемнің кез келген жерінен қазақтың атақты әншісінің атын көруге болатынын айтып, таңданыстарын жасырмады. Пікірлер арасында: «Димаштың танымалдығы шекара танымайды!», «Бұл оның адал жанкүйерінің көлігі шығар», «Қол бұлғап, белгі бергенде керемет болар еді» деген пікірлер жиі жазылды.

Шынында да, қазақстандық әнші Димаштың жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінде бар. Сондықтан АҚШ жолында оның есімі жазылған нөмірді кездестіру көпшілік үшін тосын әрі жылы әсер қалдырған оқиға болды.

Бұл шағын ғана сәт бір нәрсені тағы да дәлелдеді: қазақ өнерінің дауысы әлемді шарлап жүр. Ал Димаштың есімі мыңдаған жанкүйердің жүрегін біріктіретін ерекше символға айнал

ған.

Scroll to Top