Денің сау болсын десең…

Желіде бөлісу

Испаниялық физиотерапевт Мария Хесус Лечуга егде жастағы адамдарға үй ішінде үнемі тәпішке киіп жүруден бас тартуға кеңес береді. Оның айтуынша, бұл әдет аяқтың табиғи қозғалысын шектеп, уақыт өте келе аяқ бұлшықеттерінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін.

Маманның түсіндіруінше, аяқ белсенді жұмыс істемеген жағдайда бұлшықеттер біртіндеп күшін жоғалтады. Бұл өз кезегінде адамның дене қалпына (осанкасына) және жалпы тепе-теңдігіне кері әсер етуі ықтимал.

Сондықтан дәрігер үй ішінде жалаңаяқ немесе шұлықпен жүрген дұрыс екенін айтады. Мұндай қарапайым әдет аяқ бұлшықеттерінің жұмысын белсендіреді, қан айналымын жақсартады және тірек-қимыл жүйесін нығайтуға көмектеседі. Уақыт өте келе бұл өзгерістер буындар мен омыртқаға түсетін жүктемені азайтып, денсаулыққа оң әсер етуі мүмкін.

Мария Хесус Лечуга аяқ бұлшықеттерінің белсенділігі тек аяқ саулығы үшін ғана емес, жалпы физикалық тұрақтылық үшін де маңызды екенін атап өтті. Тіпті күнделікті өмірдегі шағын өзгерістердің өзі — мысалы, үйде тәпішке кимеу — уақыт өте келе адамның қозғалыс белсенділігі мен жалпы хал-жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Әсіресе, бұл кеңес егде жастағы адамдарға және көп уақытын үйде өткізетін жандарға пайдалы.

Scroll to Top