Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа фотосессиясынан суреттер жариялап, жанкүйерлеріне жылы лебізін білдірді.
Өнер иесі ұзақ уақыт байланысқа шықпағанын айтып, оқырмандарының жағдайын сұрады.
«Көптен бері сөйлеспедік, қалайсыздар? Үйде бәрі жақсы ма? Қандай жаңалықтар бар? Сәлемдесіп, жағдайларыңызды білгім келді. Менде бәрі жақсы, жұмыс көп, жүгіріп жүрмін», — деп жазды ол.
Сонымен қатар, әнші алдағы уақытта жоспарлары көп екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл фотосессия Voice Beyond Horizon шоуының түсірілімі кезінде жасалған. Бағдарлама қазір апта сайын эфирге шығып жатыр.
Жанкүйерлері болса, сүйікті әншісіне жылы пікірлерін жаудырды. Олар Димаштың шығармашылығына тәнті екенін айтып, оны жиі көргісі келетінін жеткізді. Кейбірі: «Өз ісіңді жалғастыра бер, бірақ сені сағынатын әлемдегі жанкүйерлеріңді ұмытпа» деп жазса, енді бірі оны «біздің талантты әрі сүйкімді ханзадамыз» деп атап, күн сайын шабыт сыйлайтынын айтты.



